Құқық қорғау органдары

Жасотандықтар полицейлермен бірге рейдке шықты

 

Кезекті рейдке “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері атсалысты. Бір күннің ішінде шашылған темекі тұқылы, қоқысқа қатысты 30 факті тіркелді. Қоғамдық тәртіпті сақтамағандарға қатысты айыппұл төлеу, қамауға алу шаралары қолға алынуы мүмкін. Мұндай айып биылғы жылы 12 қала тұрғынына тағылған. Акция барысында қоғамдық орында темекі тартқан 29 адамға, ішімдік ішкен 19 азаматқа айыппұл салынды.

Әспет Әбдірешова