Ауыл шаруашылығы

Аграрийлердің көктемгі дала жұмыстарына әзірлігі

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің басты астықты аймағы. Оны өңір диқандары қатарынан бірнеше жыл рекордтық көрсеткіштермен дәлелдеп келеді. Биыл да ол межені қайталауға толық мүмкіндік бар.

Димаш Таласбаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

 

Ағымдағы жылы егін алқаптары 4,3 миллион гектарда орын алмақ. Дәнді дақылдар 3,6 миллион гектарды құрайды. Ал майлы дақылдар 368 мың гектар алқапта себілмек.Азықтық дақылдар алқабы 318 мың гектар. Картоп пен көкөністер 28 мың гектарды құрайтын болады.

Өңір диқандары егіс науқанына әзірлікті күзгі дала жұмыстарынан кейін бастаған. Бүгінде техника әзірлігі 78 пайызды құрайды. Тұқым қоры да белгіленген аумаққа жеткілікті. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың бірі арзандатылған жанар-жағар май. Оның да көлемі пішіліп қойылған. Бұл реттегі облысымыздың үлесі 65 мың тонна.

Димаш Таласбаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы :

2013 жылы егін себу үшін облыстағы шаруашылықтардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 550 мың тоннаға жуық тұқым құйылды. Олардың барлығы сұрыпталған, машина трактор паркі де дала жұмыстарына 78 пайыз дайын. Осы жылы егіс алқаптарвына 5,5 мың себу құрылғылары мен 1 мыңнан артық қуаттылығы жоғары шетелдік себу кешендері шығарылмақ.

Теріскейдің биылғы қысы қарлы. Бұл ретте «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы да естен шығармапты диқандар қауымы. Ылғал сақтау тұрғысында қар тоқтатылған аумақ 3 миллион гектардан асады. Ол мол өнімнің кепілі.

Самат Есмағи