Құқық қорғау органдары

Құрдастарынан ақша бопсалаған жасөпірім ұсталды

 

Петропавлдық азаматшаның бірі, баласының ірі көлемде ақша сұрауды әдетке айналдырғанын аңғарған. Оның тегін еместігінен күдіктенген ана бірден құқық қорғау органдарына хабарлайды. Тексеру барысында арызданушының ұлының бопсалаушының құрығына іліккендігі анықталды. Оған қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 17 жасар сыныптасы қолға түсті.

Күдікті:

-Ол өзі берді.

Күдікті кешкі сағат 10 шамасында ДСР ауданында қолға түскен. Ол өзінің сыныптасымен кездесуден  кейін үйіне келе жатқан. Тінту барысында қалтасынан 2700 теңге ақша тәркіленді. Бопсалаушы жәбірленушіден бұл соманы өзінің кездейсоқ шығындарын өтеу үшін талап еткен. Жасөспірімдер арасында бопсалаушылықтың алдын алу үшін педагогтар мен ата-аналар балалардың мінез-құлқы, басқан әр қадамынан хабардар болып отыру керек дейді полицейлер. Бопсалаушы қай мектептің оқушысы екендігін жария етпедік, ұстаздардың сұрауы бойынша. Қылмыс жайлы естігенде педагогтар жәбірленушінің қауіпсіздігі емес, өздерінің атақ-абыройлары үшін шыр-пыр болды. Алайда «ауруын жасырған өледі» деген қағиданы да естен шығармаған жөн.

Самат Есмағи