Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 18 жыл

 

 

«Жүзі басқа-жүрегі бір, тілі басқа-тілегі бір». Бұл Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдеріне қатысты айтылған. Өйткені, түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Раиса Рамазанова 14 жыл бойы ассамблеяның құрамында. 

Раиса Рамазанова, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы татар-башқұрт орталығының өкілі:
-Менің ұлым да осы ассамблеяның мүшесі. Ұйым барша қазақстандықтарды бірлікке шақырады. Игі бастамаларды жүзеге асырады.

Кездесуге жиылғандардың дені – ассамблея құрылуының басы-қасында болғандар. Геннадий Филатов – маңызды институттың құрамы жайлы құжатты әзірлегендердің бірі. Осы қаулыға қол қойылған соң ассамблеяның облыстық филиалы өз жұмысын бастапты.

Геннадий Филатов, Ю.Гагарин атындағы №14 орта мектептің мұғалімі:
-Ассамблея құрылмай тұрып облысымызда 7 ұлттық мәдени орталық болған. Кейін олардың саны артты. Біздің институттың құрылуы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы бірлікті нығайтуға жол ашты.

Ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің ордасына айналған ұйымда 11 жастар клубы жұмыс істейді. Оның мүшелері елімізде кейінгі буын өкілдерінің жетілуіне зор мүмкіндік жасалған. Тек бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару қажет дейді.

Бэлла Героева, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы «Вайнах» шешен-ингуш қауымының өкілі:
– Мен ассамблеяның құрамына енгеніме қуаныштымын. Достарым – түрлі ұлт өкілдерінен. Алдағы уақытта да бірлігіміз бен достығымызды сақтаймыз.

Эсмира Гейдарова, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы әзірбайжан орталығының өкілі:
– Мен ұйымдардың мүшелерін ассамблеяның 18 жылдығымен құттықтаймын. Қызметте сәттілік тілеймін. Институтымыздың жұмысы жандана берсін.

Ассамблея барша ұлт өкілдерінің өз тілі, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға зор мүмкіндік жасап отыр.

Инеш Шоқақова