Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Самат Ескендіров «Солтүстік» қысқы спартакиадасының ашылу салтанатына қатысты

 

Мамлют ауданындағы «Белое-Агро» серіктестігі ірі қара мал өсіреді. Олар 100-ден астам сиырды Австриядан әкеліпті. Бүгінде шаруашылық өркендеп келеді. Самат Ескендіров «ПромСтройМебель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін де аралады. Кәсіпкер жиһаз жасау ісін дамытып жатыр. Заманауи қондырғыларды орнатудың нәтижесінде шығаратын негізгі өнімдерінің бетін оюлауға болады екен. Ал, пластикалық терезе жасайтын кәсіпорын аудан орталығы мен ауылдарды өз өнімімен толық қамтып отыр. Ұнды қорапқа салатын мекеменің жұмысы да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Өңір басшысының қорытынды есептік кездесуінде Мамлют ауданына қатысты да бірнеше мәселе көтерілген еді. Соның бірі: өнер мектебінің ұжымы би залына паркет төсеуді сұраған. Сондай-ақ, аудандағы орта мектептің шатыры ескіріпті. Самат Сапарбекұлы бұл проблемалар шешілетінін жеткізді.
Жылына бір рет келетін «Север» атты спорт мерекесі биыл Мамлют ауданында ұйымдастырылды. Спартакиаданың салтанатты ашылуына облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. Дәстүрлі додада сайыскерлер спорттың 7 түрінен сынға түседі. Барлық аудандардан 200-ден астам спортшы қатысуға тілек білдірген. Үздік атанған құрамаға облыс әкімі бас жүлдеге «Газель» автокөлігін тікті. Спартакиада жалауы көтеріліп, қысқы спорт ойындарының алауы жағылды. «Север-2013» қысқы спорт ойындарының салтанатты ашылуы отшашумен аяқталды.

Жеңіс Ермұқанов