Құқық қорғау органдары

Контрафактілік товарлар тәркіленді

 

Бұл дүкенде полицейлер лицензиясыз сатылып  жатқан екі мыңнан астам дискілерді айналымнан алды. Оларға фильмдер мен әндер жазылған. Контрафактілік товардың сөреге қалай түскенін сатушы түсіндіре алмады. Дискілердің құжаттарын да көрсете алмады. Енді бұл жігіт ҚР Қылмыстық Кодексінің 184 бабы бойынша авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болады. Айыппұл  200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бұл  350  мың теңге.  

Руслан Бейсенов, СҚО ІІД аға жедел уәкілі:

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің тапсырмасын орындау аясында  Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ақпанның 26нан 28-не дейін «Контрафакт» алдын алу шарасы өткізілді. Бұл шараның мақсаты контрабанда жолдарына тосқауыл қою.

Полицейлер үш күнде заңсыз айналымдағы төрт мыңнан астам дискілерді, пираттық ойындар мен фильмдер сақталған процессорлар мен ноутбуктерді тәркіледі. Қазір олардың бәрі сараптаудан өткізіліп жатыр.