Денсаулық сақтау

Өкпе ауруына қарсы айлық

Ойын “Еркін дем ал” деп аталады. Оған оқушылардан жасақталған екі команда қатысуда. Бірі – “Насихаттаушы”, екіншісі “Ақпарат плюс” деп аталады. Үш турды қамтыған ойында оқушылар түберкулез жайындағы білімдерін ортаға салды. Оқушылар ұйымдастырушылардың қойған сұрақтарына 1 минуттың ішінде дұрыс жауап беріп, 10-нан 40 ұпайға дейін жинауға тырысты. Сөйтіп, ойынның бірінші кезеңі 105 /10 ұпай есебімен «Насихаттаушы» командасының пайдасына шешілді.

Азамат Серіков, “Насихаттаушы” командасының мүшесі:
– Бүгінгі өткізіліп жатқан шараның бізге берері мол. Түберкулезбен ауырмау үшін спортпен шұғылдану керек. Салауатты өмір салтын ұстану қажет деп ойлаймын.

Екінші турда оқушылар өкпе ауруының алғашқы белгілері жазылған қағаздардан түймедақ гүлін жасады. Ойынның шешуші кезеңінде командалар адамның қай ағзасы туберкулезге көбірек шалдығатынын айтты. Осылайша ұйымдастырушылар бұл індет жайында оқушылардың қаншалықты хабардар екенін білді.

Наталья Канюк, СҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы:
– “Туберкулезге қарсы күрес” атты алдын алу шарасы ақпанның  23-і мен наурыздың 24-і аралығында өтеді. Біз
өкпе ауруы мен одан сақтанудың амалдары туралы ақпаратты оқушыларға тарату жұмыстарын жалғастырмақпыз.

Алғыр оқушыларға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлбану Ахметова