Билік

“Нұр Отан” партиясының филиалы облыстық мәслихат депутаттығына кандидатура ұсынды

 

Кезектен тыс өткізілген мандаттық комиссияның 17 конференциясын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескедіров ашты. Алдымен жиынға қатысушылар мандаттық комиссияның құрамын бекітіп, одан соң делегаттардың өкілеттілігі мен конференция жұмысын бекітті. Бұл жолғы отырыстың мақсаты – облыстық мәслихатқа үміткер депутаттың кандидатурасын бекіту. Бұған дейін облыстық мәслихаттың депутаты болған Марат Омаровтың Шал ақын ауданының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты  депутаттықтан босаған-тын. Сондықтан депутаттыққа жаңа кандидатура қарастыру қажет.

Арман Бердағұлов, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:

-Маринец Елена Ивановна 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Петропавл қалалық мәдениет үйі “Экспромт” би театрының көркемдік жетекшісі. Конференция делегаттарын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына ұсынылып отырған Маринец Елена Ивановнаның кандидатурасына қолдау көрсетуді ұсынамын.

Самат Есмағи