Көлік және жолдар

Мүгедектерге арналған автотұрақ

Виктор Яковенко 2-топтағы мүгедек. Сондықтан да қозғалыс қайнаған орындарда автокөлігін тұраққа қою ол үшін өзгелерге қарағанда сәл қиындау. Көлік рөліндегі мүгедек жандар үшін қалада орнатылған белгілер өте қажет дейді жүргізуші.

Виктор Яковенко:

 

-Қыс кезінде көлікпен аса көп жүре қоймаймын. Жалпы жазда көп пайдаланамын. Тұрақты екі-үш машина сиятындай қылып орнату керек деп санаймын.

Мүгедек жандардың көліктерін қоюға арналған белгілер қаланың халық көп шоғырланған жерлері вокзал маңы, «Евразия» базары мен қалалық әкімдік және «ЦУМ» сауда үйінің маңында орналасқан.

Бекен Тагилов, СҚО ЖПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
-Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында халық көп топтасатын орындарда көліктерді тұраққа қою үшін арнайы 5 белгі орнатылды. Алдағы уақытта аталған белгілерді орнату жұмысы жалғасатын болады.

Мүгедек жандар үшін автокөлік тұрақтары республика бойынша Петропавлда бірінші болып қолға алыныпты.

Әспет Әбдірешова