Денсаулық сақтау

Облыстық перинаталдық орталық жаңа 8 құрылғымен толықты

 

 

Жаңа медициналық құрылғыларды дәрігерлер бірден іске қосты. Ақ халаттылар аппараттардың пайдасын жоғары бағалап отыр. Өйткені, айы-күні толмай туған балалар көп жағдайда шетінеп кетеді екен. Орталықта бұрын болмаған осы құрылғылардың арқасында бұл жағдайды түзеуге үлкен мүмкіншілік бар. Енді, сәбилердің тыныс алуы жеңілдейтін болды.Мәселен, мұнда өткен жылы 4 мың 685 сәби дүние есігін ашса, оның 388-і мерзімінен бұрын туған.

Динара Ахметжанова, облыстық перинаталдық орталықтың балалар дәрігері:
Мұндай қор бізге бірінші рет келіп тұр. Шала туған баланың өкпесі өздігінен тыныс ала алмайды. Әр құрал-жабдық біз үшін ғана емес, нәресте үшін маңызды.

Бұл дем алу, реанимациялық үстел, инелік және инфузионды мөлшерлеуіш, медициналық таразы, электросорғыш, фототерапия құрылғылардың құны 15,5 млн теңге тұрады. Қаражат қайырымдылық қорының “Тыныс ал, балақай” жобасының арқасында жиналған. Қор вице-президенті Жанкелді Сәрсенов “тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай аппараттың көмегімен шала туған баланың өмір сүруі 5 есеге артады,”-деді.

Жанкелді Сәрсенов, республикалық “Аяла” қайырымдылық қорының вице-президенті:
-Бізге “Қазақ-Британ” қоғамы көмек берді. Қаражат қайырымдылық жүгіру марафондарынан жиналды. Жарыстар Астана және Алматы қалаларында күзде өтті. Биыл да осындай сайыстар ұйымдастырылады. Жәрдемдесуге ниеті бар азаматтар марафонға қатыспай-ақ, 1462 нөмеріне смс жолдап, жәрдем берулеріне болады. Әр хаттың құны – 100 теңге.  

Облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернат  тәрбиеленушілері “Аяла” қайырымдылық қорына спорт алаңын орнату үшін көмек көрсетулерін сұрап өтініштерін білдірген. Олардың өтініштері оң шешімін тапты. Енді, жақын арада мектеп-интернатында жаңа спорттық аула құрылады.

Наталья Пургина, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернат педагогы:
-Біз ұжымның атынан қорға өзіміздің “Балалық шағымдағы аула” атты жобамызды ұсындық. Өтініштерімізді жерде қалдырмай бізге дүйсенбіден мектептің жанында балаларға аула салына бастайды деді. Ол үшін біз қор басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Қайырымдылық қоры өкілдері осындай құрылғыларды енді Шымкент қаласындағы перзентханаға да табыстамақ.

Гүлбану Ахметова