Ауыл шаруашылығы

Қысқы аңшылық қорытындылары

 

 

 

Қарашада басталған аң аулау мерзімі төрт айға созылды. Өткен жылдармен салыстырғанда заңсыз аң аулау фактілері көбейді дейді мамандар. Осы кезге дейін барлығы облыс бойынша заңсыз аң аулауға қатысты 20 оқиға тіркеліпті.

Ережеп Жанатаев, Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
– Оның ішінде 36 елік атылған, 1 марал мен 1 бұғы атылған. Биылғы жылы аң аулау тәртібін бұзғаны үшін 256 хаттама жасалған.

Биылғы жылы қардың қалың түсуі жануарлардың өздігінен азық тауып жеуіне қиындық туғызды. Сол себепті де олар жақын маңдарды төңіректеп, қорекке салған жем-шөпті іздеп келеді дейді мамандар. Көктемгі аң аулау маусымы сәуірдің аяғында басталмақ. 15 күнге созылатын бұл аралықта дала үйрегі мен құрға ғана тұзақ құруға болады.

Ережеп Жанатаев, Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
Барлығы бізде облыс бойынша тізімде 10100 аңшы тіркелген. Карточкалары бар. Яғни аңға шығуға мүмкіншіліктері бар. )

Бүгінде облыс аумағында 32 аң аулау шаруашылығы бар. Олардың жалпы аумағы тоғыз миллион гектарды құрайды. Осы кезге дейін жануарларға қатысты 6 млн 641 980 теңгенің залалы келтірілген. Бұл шығынның 2 миллион теңгеден астамы өндірілді.

Әспет Әбдірешова