Қоғам

Жастарды құлдыққа түсіп қалудан сақтандыру

 

 

 Бүгінде жұмыс іздеп елімізге келген немесе ауылдық жерлерден қалаларға ағылатын адамдар мыңдап саналады. Аталған жағдай заңсыз адам саудасының қанат жаюына да сеп болып отыр. Себебі көп жағдайда олардың құқықтары аяқасты болып жатады. Жастар осы мәселеден сақ болсын деген ниетпен кітапхана қызметкерлері бүгінгі тақырыптық сағатты өткізуді жөн санапты.

Салтанат Мұхамеджанова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың абонемент бөлімінің кітапханашысы:
-Құлдық тақырыбына қатысты мәселені оқушыларға түсінікті болу үшін баспасөз беттерінде жарияланған материалдар, сонымен қатар кітап беттерінен көрсетуге тырыстық. Қазіргі және өткен ғасырдағы әдебиетті салыстыра отырып, аталған мәселенің қай заманда да өзекті екендігін көрсеткіміз келді.

Аталған шараға №14 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. 21-ші ғасырдағы құлдық мәселесінің қаншалықты өзекті екендігін әркім өзінше бағамдайды екен.

 Карина Дерева, №14 орта мектептің оқушысы:
– Құлдыққа тап болған кей адамдар құқық қорғау органдарына барып, шындықты айтудан қорқады. Бұл оларды ұрып-соғып, үркітіп ұстағаннан кейін болатын жағдай деп ойлаймын.

 Александра Пфлюк, №14 орта мектептің оқушысы:
– Бүгінде жастар ата-аналарынан тәуелсіз өмір сүргісі келеді. Сол үшін олар оңай жолмен ақша табамыз деп кейде заңсыз адам саудасымен айналысатындардың құрбаны болып жатады. Ол үшін өте сақ болу керек.

Бүгінде елімізде адам құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдар баршылық. Солардың бірі  – біздің қаламыздағы «Әйелдерді қолдау орталығы».

Әспет Әбдірешова