Мәдениет

Жас суретшілер жеңісі

 

 

 

 Халықаралық байқауға 8 оқушының 12 жұмысы жіберілген. Тамыздың 21-25 аралығында өткен Илья Репин атындағы балалар байқауына барлығы 60 жас суретші қатысып, бақтарын сынаған. Жіберілген туындылардың ішінен Екатерина Сурикова мен Аида Гайфуллинаның жұмысы жақсы бағаға ие болыпты. Кейін ақтық сынға өту үшін олар Харьков қаласына барып, тамаша табиғат аясында суреттерін салыпты. Екатерина финалда самаурынның бейнесін қағаз бетіне түсіріпті. Жас қылқалам шебері қатты қобалжыдым дейді.

Екатерина Сурикова, “Юнеско” клубы көркемсурет  лицейінің оқушысы:
Мен байқауға екі жұмысымды жіберген болатынмын. Суреттерді гуашьпен салған едім. Біз байқауға барғанда Украинаның әсем қалаларын аралап, көрікті жерлерімен таныстық. Жалпы маған бәрі де ұнады.

 

Ал, Аида Гайфуллина құстың суретін салған. Оның халықаралық байқауларға қатысуы алғаш рет. Бастамасы жаман емес. Кішкентайынан сурет салуды ұнататын Аида кез-келген дүниені қағаз бетіне өздігінен түсіргенді ұнатады. Ол көбіне гуашьты қолданады екен.

 Аида Гайфуллина,”Юнеско” клубы көркемсурет  лицейінің оқушысы
 – Байқау болады дегенде мен де өз жұмысымды жіберуді жөн санадым. Онда барғанда біз табиғат аясында отырып сурет салдық. Олардың бейнені қағаз бетіне түсіру техникасы біздікіне қарағанда әлдеқайда өзгеше екен. Мен өзім осындай жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Естігенде қуанышымда шек болмады.

Халықаралық байқау осымен 8 жыл қатарынан өтуде. Конкурсқа Украина, Белорусь, Ресей және Қазақстанның жас суретшілері қатысқан. Біздің өңірдің суретшілері бұл сында Қазақстанның намысын қорғапты.

Дарья Мищенко, “Юнеско” клубы көркемсурет лицейінің оқытушысы
– Біз жақында өткен халықаралық байқаудан жеңіспен оралдық. Конкурс екі кезең бойынша ұйымдастырылған. Жарыс Харьков қаласында өтсе де біз Репиннің шеберханасында болдық. Оның туындыларымен таныстық. Балалардың көңіл күйі көтеріліп қалды. Оларға бәрі де ұнады.

Жалпы, байқауға көркемсурет  лицейінің тәрбиеленушілері 3 ай дайындалған. Тынымсыз еңбектің арқасында осындай жеңіске қол жеткізіп отыр.

Гүлбану Ахметова