Спорт

«Құлагер» фестивалі

 

Оларға ұсынылған бағдарлама ауқымды. Сәйгүліктердің кедергілерден өтуі ұсынылып, түрлі ойындар мен мастер-кластар өткізілді. Жылқыларды жалға алып, бірнеше айналым жасау мүмкіндігі де берілді.

Жанат Елеусізов, СҚО балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқу-әдістемелік орталығының директоры:
– Жуырда «Жеңіс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 5 сайыс бөлімшесі ашылды. Үйірмелердің бірі – конкур. Ол атпен кедергілерден өту. Іс-шара арқылы балаларды ат спортына тартпақпыз.

Осыдан 5 жыл бұрын облысымызда ат спорты түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда мұнда 100-ден астам жасөспірім ежелден келе жатқан дәстүр бойынша аттарды баптап, күтуге үйренуде. Түрлі жарыстардан да құр қол қайтпайды.

Нұрлан Сапаров, ат спорты түрлері балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
– Мен ат спортымен 3 жыл айналысамын. «Сынок» деген ат. Бүгін парадта жүреміз.

Ат құлағында ойнайтын өз құрдастарын көрген балалар да фестивальден ерекше әсер алды.

– Маған өте ұнады. Аттар әдемі.
– Аттардың кедергілерді бағындыруы көңілімнен шықты. Өте қызықты болды.

Ат спорты қызықты, әрі тартымды. Сонымен қатар денсаулыққа да пайдасы зор дейді ұйымдастырушылар.

Инеш Шоқақова