Спорт

Ауыл хоккейшілері сайысы

 

Мұз айдынында Айыртау және Шал ақын ауданының ойыншылары. Әзірге басымдық шалақындықтарда. Бірақ есеп әп-сәтте өзгеруі мүмкін. Сондықтан спортшылар кез-келген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысуда. Бақытжан Таутекенов мұндай жарыстарға үнемі қатысатын әуесқой спортшылардың бірі. Ол бұл жолы да ауданымыздың намысын қолдан бермеуге тырысамыз дейді.

Бақытжан Таутекенов, қатысушы, Шал ақын ауданы:
Бірінші ойын Аққайың ауданымен өтті. Оларға 7:1 есебімен жеңілдік. Енді Айыртау ауданымен ойнап жатырмыз. Бірінші кезеңнен соң 4:1 есебімен жеңіп келеміз.

Жарысқа барлығы 12 команда қатысады. Додадан тек Жамбыл ауданы шет қалыпты.

Виктор Бестик, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы:
Жарыс 3 күн өтетін болады. Матч 2 кезеңнен тұрады. Әрқайсысы 30 минуттан. Хоккейден басқа биатлон, коньки, қысқы президенттік көпсайыс бойынша да жарыстар өткізілді.

Былтыр Қызылжар ауданының спортшылары жарыс жеңімпазы атаныпты. Биыл қандай ауданның чемпион атанатындығы ақпан айының соңында белгілі болады. Ақтық сайыс Мамлют қаласында өтпек.

Инеш Шоқақова