Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіздік белбеуі” шарасы

 

 

 

Жұмысшы кентіне қатынайтын мына темір жол көпірінен өтіп бара жатып, «Тойота-Прадо» автокөлігі жолдан шығып кеткен. 30 жастағы көлік иесі қауіпсіздік белбеуін таққанынан аман қалып отыр. Себебі көлік 15-20 метрлік көпірден төмен қарай құлаған. Абырой болғанда нәзікжанды ешқандай жарақат алған жоқ. Полицейлер бұл жағдайды жүргізуші рөлге ие бола алмағанның салдары деп отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жағдайлар қайғылы аяқталуда. Және көлікті жүргізіп, телефонмен сөйлесу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты қарапайым ережелерді сақтамаудың арты да соқпақты болып жатады. Сондықтан да тәртіп сақшылары осындай жайттардың алдын алу үшін көлік иелеріне арнайы парақшалар таратты. Жыл басынан облыста 21 жол көлік апаты тіркеліп, 7 адам көз жұмған. Ал, 42-сі түрлі дене жарақаттарын алды. Осындай қайғылы жайттар орын алмас үшін жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Бұл игі бастама тек облыс орталығында ғана емес сонымен қатар аудандарда өткізілмек.  Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Өткені апат айтып келмейді. Сондықтан да сақтықта қорлық жоқ дейді олар.

 

 Гүлбану Ахметова