Құқық қорғау органдары

Жол ережесін сақтамағандар жыл басынан бері 1 млн теңге айып төледі


 

Бұл – мемлекеттің пайдасына борышты өндіру акциясы аясында қолға алынған шара. Оған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті мен жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің бірлесіп жасап жатқан ісі. Осы айдың басынан 180 көлік жүргізушісі тексеріліп, 250 мың теңге сомасындағы 28 әкімшілік айыппұл өндіріліпті. Мұндай бірлескен жұмыстар бұрын да жүргізілген. Алайда, бұл жолы жүргізушілерді жиі тексеретін болды.

Серік Раскелдінов, СҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы:
-Бүгінде департаментте 20 мыңнан астам орындау құжаты жатыр. Оның сомасы 200 млн теңгеден астам. Мұндай шараларды қарызды төлету үшін өткіземіз. “Рахмет” СҮ, “Тайга” және “Алтын арман” базарларының маңында және Бескөл мен Мамлют ауылдары жақтан қалаға кірер жерде осылай көлік жүргізушілерін тоқтатып, борышы бар ма, жоқ па тексереміз. Айыппұлы болса, қарызын төлегені жайлы қағазды әкелгенге дейін көлік иесінің құжаты берілмейді.  

Мұндай акциялардың нәтижесі жаман емес дейді ұйымдастырушылар. Өйткені ағымдағы жылдың басынан ғана мемлекеттің пайдасына 1 млн теңгеден астам қаржы өндіріліпті.

Айдана Демесінова