Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары №1 қалалық аурухана қызметімен танысты

 

№ 1 қалалық аурухана 150 адамға шақталған. Емдеу мекемесінде жұқпалы аурулар, терапия және невралогия бөлімшелері жұмыс істейді. Күрделі жөндеуден өткізілген, материалдық- техникалық базасы заман талабына сай. Оған емдеу мекемесін аралау барысында “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек көз жеткізді.

Галина Маметова, № 1 қалалық аурухананың бас дәрігері:

-Егер науқас аппаратпен тексеруден өтсе, онда қондырғы оған қанша салмақ салу керектігін анықтап береді. Одан сондай-ақ сауықтырудың нәтижесін де көруге болады.

Ауруханада Бауыржан Байбек  өңірдің денсаулық сақтау саласының соңғы жетістіктерімен танысып, ем қабылдаушылармен де тілдесті. Олардан медицина сапасы мен дәрігерлердің біліктілігі туралы сұрап, білді.

Дәрігерлер өте жақсы қарайды. Өз істеріне жауапты.

Емдеу мекемесіне биылғы жылға бюджеттен 375 миллион теңге бөлінген. Оған соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар сатылып алынбақ. Дәрігерлермен әңгіме барысында Бауыржан Байбек медицина саласын жаңғырту Елбасының биылғы жолдауында да айқын көрініс тапқандығына тоқталды. Бұл жұмыстардың өңірімізде оң жолға қойылғандығын атап көрсетті.

Бауыржан Байбек, Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

Президент бюджеттік саланың дамуына баса назар аударады. Жағдай жылданжылға жақсарып келеді, жаңа медициналық нысандар бой көтеруде. Астанада заманауи медициналык кластер құрылды. Ондай мүмкіндіктерден облыс орталықтары да шет қалып отырған жоқ. Заманауи нысандар бұл жерлерде де бар. Халық денсаулығының жақсаруы бірінші кезекте сіздерге тікелей байланысты. Оны абыроймен атқарып жатқандарыңызға сенімдімін.

Дәрігерлер медицина саласы қанша қарыштап алға басқанымен, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген қағиданы қаперде ұстаған абзал дейді.

Самат Есмағи