Құқық қорғау органдары

Жаңа мемлекеттік нөмірлер беріле бастады

 

 

 

Әспет Әбдірешова, тілші:

– Автокөлік иелеріне берілетін жаңа нөмірлерде мемлекеттік тудың суреті мен «кz» белгісі белгіленетін болады. Бұл көлігіңізбен шетелге шыққанда сіздің қай елден екендігіңізді білдіреді. Оған халықаралық стандарттың талабы да осындай.

Мұндай жаңа нөмірлер бүгін біздің өңірімізде де беріле бастады. “Митсубиси лансер” маркалы темір тұлпардың иесі Василий Мансуров та осындай жаңа нөмірге қолы жеткендердің бірі.

Василий Мансуров:
Бүгін жаңа машина алып, тіркеуге қойдым. Жаңа нөмірге ие болдым. Ресейге жиі шығамын көлікпен. Енді өте ыңғайлы болады деп есептеймін.

Жаңа нөмірлер қолданысқа біртіндеп енгізіледі. Сондай-ақ ескілері де айналымда болады. Жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бұрынғыдай арнайы бағдарлама бойынша автоматты түрде беріледі.

 Тынысбек Чарапиев, ІІБ ЖПБ тіркеу емтихан тобы бөлімінің бастығы:
– Жаңа нөмірлер Біріккен Ұлттар Ұйымының жол жүрісі талаптары бойынша дайындалған. Енді халықаралық жол қозғалысына қатысатын жерлестіріміз қиындықтарға тап болмайды. Жаңа нөмірлер көлікті тіркеуден шығарып, қайта тіркегенде немесе жаңа көлік сатып алғанда берілмек.

Отандық көліктердің бұрын оның қай аймаққа тиесілі екені әріппен белгіленсе, қазір санға ауыстырылды. Мәселен, біздің аймақтың Т белгісінің орнына бұдан былай 15 деген сан жазылатын болады. Бұл өзгерістерді солтүстікқазақстандық көлік иелері қуанышпен қабылдады.

Жаңа нөмірді қарап отырсақ, өте әдемі жасалған. Халықаралық стантартқа сәйкестендіріліп жасалған өте жақсы нөмірлер.
Жаңа нөмірлердің беріле бастағаны жақсы болды. Бұл біздің қай елден екенімізді білдіреді. Өзім шетелге жиі шықпасам, да кейде жолым түседі.

Жалпы облыс аумағында 31мың автокөлік тіркелген.

Әспет Әбдірешова