Ауыл шаруашылығы

Құтырған түлкілер

 

 

 

Қазір түлкінің терісіне баяғыдай сұраныс жоқ, сондықтан аңшылар оны аулауға құлықсыз. Соңғы жылдары тағы аңдардың ауыл маңына жақын келетіндігі жиі байқалады. Тіпті үй аулаларына кіріп кеткен оқиғалар да бар. Сондай жайттың бірі Тимирязев ауданының Приозерное елді мекенінде тіркелді. Түлкі итке шауып талап тастаған. Үй иесінің орамынның ойранын шығарған жануарды атып өлтіруден басқа амалы қалмапты.

Ережеп Жанатаев, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
-Санитарлардың лабораториялық сараптамасы түлкінің құтырғандығын анықтады. Біз маңайдағы тағы төрт тұқымдасын ұстадық. Тексеріс олардың да ауру жұқтырғанын көрсетті. Дереу облыстық комиссия құрылды. Жақын жердегі 5 округтегі түлкілердің көзін құрту керек деген шешімге келдік. .

Түлкі құтырма ауруының нағыз таратушысы саналады. Тісі батса бірден инфекция жұғады. Тіпті ауыл маңындағы су көздеріне тисе де, суаттан шөлін қандырған үй жануары дереу ауырады. Жабайы аңдардан емделмейтін кесел жұқтырған төрт түлік, ит пен мысық адам үшін тым қауіпті.

Ережеп Жанатаев, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
Биыл қар қалың түсті. Сондықтан аңдарға қорек табу ауырлап кетті. Аш жануар жақын маңдағы елдерден азық іздейді. Қоқыс орындарын паналайды. Сондықтан ауру тіркелген аймақтан 44 түлкіні оққа ұшырдық. Кейін көздері құртылған түлкілер малдың жемтігі көмілетін арнайы орында отқа жағылды.  

Жалпы өңір аумағын 9 мыңнан артық түлкі мекендейді екен. Табиғат сақшылары бұндай келеңсіздік өзге аудандарда орын алған жоқ дейді.

Жеңіс Ермұқанов