Қоғам

Республикалық оқу-әдістемелік жиын

Оқу-әдістемелік жиын Ішкі әскерлер Әскери институты қызметкерлері мен курсанттарының салтанатты сапқа тұруынан басталды. Бұл жиынды әскерилер осыдан 18 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасындағы Пшихвар шатқалында әскери қызметін орындау барысында қаза болған 17 қазақстандық сарбаздың ерлігіне арнады. ТМД шекарасын ерлікпен қорғап, мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін құрбан болған азаматтар есімі әрқашан ел жадынан өшпесі анық.
Есімдері тарих бетіне жазылған жауынгерлердің ерлігі кімге болмасын үлгі. Осы оқиғаны мысалға ала отырып, әскерилердің бойында отансүйгіштікті қалыптастыру керектігі әскери институтта өткен дөңгелек үстел барысында жалғасын тапты.

 

Мұхаметқали Сатов, ҚР ІІМ ІӘ бас қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы:
– Елбасымыз тәрбие жұмысын Ішкі Істер министрлігінде көтеру керек, тәрбие жұмысымен айналысу керек деген мәселе қойған болатын. Біздің мақсат – жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту. Осындай жұмыстарды офицерлер мен курсанттар арасында жиі өткізу керек.

Бұл жиынға еліміздің өзге аймақтарынан ішкі істер департаменттері мен әскери оқу орындарынан келген 23 қызметкер қатысты.

Мақсат Рақымбаев, Маңғыстау облысы ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
Қазіргі таңда осы оқу-әдістемелік жиындарының өткізілу мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Яғни Ішкі істер органдары құрылымдағы қызметкерлердің патриоттық идеологиясын өсіру болып табылады. Халықтың назарында болатын жол полициясы мен патрульдік полиция қызметкерлерімен жеке тәрбие жұмыстары жүргізіліп, солардың жұмыстары оң нәтижеге қойылады деп есептеймін.   

Республикалық оқу-әдістемелік жиындары 6 күнге жалғаспақ. Оның барысында оқу-жаттығулары өткізіліп, дәрістер оқылып, әскерилер өзара тәжірибе алмасатын болады.

Әспет Әбдірешова