Құқық қорғау органдары

Есірткі жойылды

 

 

Көкнәр үстіміздегі жылдың 16 қаңтарында ұйымдастырылған жедел іздестіру шарасының барысында анықталды. Улы зат 2 петропавлдық азаматтан тәркіленген. Сараптама оның гашиш екенін көрсетті. Аса ірі көлемдегі партия “СевКазЭнерго” ЖШС қазандығында жағылды. Бұл өңірімізде жыл басынан көзі құртылған алғашқы есірткі заты.

Қанат Сақтанов, ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы:
ҚР ҚК 259 бабының 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 1979 және 1982 жылы туылғандар. Қазір қос сезікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Кінәлары дәлелденсе кемінде 10 жылға бас бостандықтарынан айрылады.

Жеңіс Ермұқанов