Спорт

Балуандар сайысы



 

Кезінде Василий Левчук та грек-рим күресімен айналысып, талай рет боз кілемде белдескен. Бүгінде облысымызға еңбегі сіңген спортшы 70 жасқа толып отыр. Спорт адамды сергек етеді, күш-қуатыңды арттырады дейді ол. Сондықтан  сүйікті ісін тастамай, өзінің ұзақ жылдар бойғы тәжірибесін кейінгі буынға үйретуде.

Василий Левчук, жаттықтырушы:
– Күресте әрдайым ең мықты жеңеді.
Бүгінгі турнирге Қазақстан мен көрші Ресейдің балуандары келді. Нағыз мықтылар осы жарыста белгілі болады.

Грек-рим халықаралық турнирінде 132 балуан күш сынауда. Оның  14-і  – Василий Левчуктың шәкірттері.  Жарысқа барлығы 18 команда қатысуда. Спортшылар чемпион атану үшін 4-5 жекпе-жекте жеңіске жетуі тиіс.

 Мейрам Хамзин, халықаралық дәрежедегі төреші:
Бұл турнир мерейтой иесіне арналады. Осындай ағалардың арқасында грек-рим күресі дамып жатыр. Осындай турнирлер бола берсін. Ал  жас балуандар әрдайым жеңіске жете берсін.  

Күш атасын танымайды. Данияр Сайлауов алаңға осымен екінші рет шығып, қарсыласының жамбасын жер иіскетті. Енді балуан ақтық сында өзінің мықты екенін тағы бір дәлелдемек.

Данияр Сайлауов, жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:
Мен күрестің бұл түрімен 5 жасымнан айналысамын. Менің ең бірінші жеңісім өз аулымда болды. Мен республикалық турнирларды жеңгенмін.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары медаль және грамоталармен марапатталды.

Гүлбану Ахметова