Білім

Әліппемен қоштасу

 

 

Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін ең алдымен әліппені қолға алады. 42 әріпті танып, қосып оқуды меңгереді. Үлкен білімге жол салған мына балақайлар енді әңгімелер мен ертегілерді өздері оқи алады. Сондықтан бірінші гимназияның оқушылары әліппемен бар сән-салтанатпен қоштасуда. Кітапхана ұжымы мерекеге орай арнайы бағдарлама әзірлепті.

Гүлия Ережепова,  Ғ.Мүсірепов атындағы балалар менжасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы:
-Балаларға кітап ханшайымы келеді. Түрлі ойындар, сұрақ-жауап өткіземіз. Кітаптармен таныстырамыз.

Әліппені бүге-шүгесіне дейін оқыған оқушыларды енді, өзге қызықты кітаптар әлемі күтіп тұр. Бүгін бұл оқушылар ресми түрде Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары атанды.

– Маған іс-шара ұнады. Өте қызықты болды. Енд,і кітапханаға жиі келетін боламын.
-Мен ертегілер мен әңгімелерді оқығанды ұнатамын. Кітапханада өте көп қызықты кітаптар көрдім. Өте ұнады.

Мұндай іс-шара дәстүр бойынша өзге мектептердің оқушыларымен де өткізілмек.

 

 Инеш Шоқақова