Қылмыс

Жол жиегінде тұрған әйелді машина соқты

 

 

Қатты жылдамдықпен келе жатқан “Тойота камри” көлігінің жүргізушісіне бүйірден келген “Фольксваген” автокөлігінің рөлінде отырған адам жол бермей, екеуі қақтығысып қалады. Соққының қатты болғаны соншалық, әйел адамды ұшырып жіберген. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетті.

“Тойота” көлігінің жүргізушісі:
-Маған Фольксвагеннің жүргізушісі жол берген жоқ. Неге екенін білмеймін? Мүмкін, күннің көзі шағылысқан болар. Осы соқтығудың себебінен менің көлігім әйелді соқты.

“Фольксваген” автокөлігінің жүргізушісі:
-Екеуміздің де кінәміз бар деп ойлаймын. Себебі, «Тойота камридің» жүргізушісі қатты жылдамдықпен келді. Сондықтан да мен оны көрмей қалдым. Жол бермегендігім содан.

Гүлбану Ахметова