Балалар

«Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр


 

Мына бүлдіршіндер қазір қазақ тілін оқып жатыр. Бөбекжайда мемлекеттік тілде сабақтар аптасына екі рет болады. Арнагүл Біркенова оқуын тәмамдағасын бірден шағын орталыққа жұмысқа тұрыпты. Жас маман балалармен жұмыс істеу жаныма жақын дейді.

Арнагүл Біркенова, «Добрая сказка» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі:
-Бұл жұмыс маған өте ұнайды. Балалар білімді. Біздің сабақтарымыз ойын арқылы өтеді. Балаларға қазақ, ағылшын тілдерінде сабақ өтеді

Михайловтар отбасы «Балапан» бағдарламасының аясында жеке меншік бөбекжай ашуды өткен жылы қолға алыпты. Еңбектері жанды. Олар мемлекеттің қолдауымен бөбекжайды желтоқсан айында іске қосты.

Анна Михайлова, «Добрая сказка» бөбекжайының меңгерушісі:
– Өзіміз балалы жанұямыз. Бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбиенің қажеттігін жақсы түсінеміз. Сондықтан бөбекжай ашуды қолға алдық. Осы орайда «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартқаны қуантады. Ол шағын бизнесті дамытуға көп септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі мекеме 48 балаға шақталған. Мұнда балалар «Алғашқы қадам» және «Зерек бала» бағдарламасы бойынша тәрбиеленуде. Жалпы, қаладағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 7 мың 362 сәби тәрбиеленуде.

Татьяна Протопопова, қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары:
– Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша екі балабақша ашылды. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында «Солнечный домик» және «Добрая сказка»» шағын орталықтары жұмысқа қосылды. Нәтижесінде 920 сәби мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Бүгінде облыс орталығында  мектепке дейінгі 50 білім беру мекемесі бар.

Әспет Әбдірешова