Қоғам

ЖСДП облыстық филиалындағы жиын

 

Күн тәртібінде жалпыұлттық социал-демократиялық партияның жаңа бағдарламасы. Жобаны әлемдік бетке ұстар саяси ұйымдардың тәжірибелері негізінде құрдық дейді партиядағылар. Негізінен әлеуметтік, экономикалық салалар толықтай қамтылған. Партия белсенділері 40 беттік құжатта еліміз жүріп өткен жолды саралап, атқарылған жұмыстың оңы мен солын ажыраттық дейді. Жаңашылдықтардың көп бөлігін СҚО жүзеге асыру ұсынылып отыр. 

Пётр Своик, жалпыұлттық социал-демократиялық партия президиумының мүшесі:
СҚО еліміздің ең құнарлы топырағында орналасқан. Астықты өлкеде ауылшаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер жетіп асады. Жайылымдары мал басын арттырып, өнім сапасын жоғарылатуға қолайлы.

Партияның СҚОФ мүшелері талқыланған бағдарламаға бірқатар толықтырулар енгізуді сұрады. Ұсыныстары негізінен әлеуметтік салаға қатысты болды.

Жеңіс Ермұқанов