Қоғам

Владимир Высоцкийді еске алу кеші

 

Владимир Высоцкий – мыңдаған адамның сүйікті әншісі. Оның шығармашылығын тағы бір мәрте еске алу – кештің басты мақсаты дейді ұйымдастырушылар.

Тимур Фаизов, кешті ұйымдастырушы: 

Уақыт өткен сайын Владимир Высоцкийдің шығармашылығы да ұмытылып барады. Оның әндерін тыңдамақ түгілі, автор жайлы естімегендер де бар. Сондықтан, еске алу кешін ұйымдастырып отырмыз.

Залға негізінен аға буын өкілдері жиылды. Алайда, арасында әншіні көрмесе де, шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар да бар. Николай Федоров Высоцкийдің әндері тыңдаушыны ерекше сезімге бөлейді деген ойда. Николайдың сүйіп тыңдайтыны әні – “Охота на волков” туындысы екен.

Николай Федоров:
Владимир Высоцкий – менің сүйікті ақыным және орындаушым. Өз өлеңдерін орындайтын адамдар жиі кездеспейді. Ол – солардың бірі. Мен жас болсам да, автордың өмір тақырыбында жазылған шығармаларын тебірене тыңдаймын.

Владимир Высоцкий өлеңді мектеп шағында жаза бастапты. Студенттік кезінде өзін орындаушылық қырынан да байқап көрген. Әндері негізінен өмірдің мәніне арналса керек. Авторды еске алу кешін «Союз-автор» клубы ұйымдастырып отыр.

Инеш Шоқақова