Бизнес және экономика

Кәсіпкерлердің жобалары қолдау тапты



 

Гузев жеке кәсіпкерлігі тұрғындарға көлік қызметін ұсынады. Ол «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының 1-бағыты бойынша қолдауға ие болуға ниетті. Кәсіпкер «Темір банктен» 14 пайыздық үстемеақымен несие алыпты. Қаражат жаңа көлікке жұмсалған.

Николай Гузев, кәсіпкер, Ғ.Мүсірепов ауданы:
– Біз мұндай мемлекеттік бағдарламаға алғаш рет қатысып отырмыз. Жұмыс сапасын арттыру үшін техниканы жаңарту қажет. Сонда қызметіміз тұрғындар тарапынан да сұранысқа ие болады. Кеңес мүшелерінің жобамызды қолдағанына қуаныштымын.

Енді кәсіпкер банкке 7 пайыздық үстемеақыны ғана қайтармақ. Тең жартысы мемлекет бюджетінен субсидияланады. Ал «Блок» ЖШС электр оқшаулағыш материалдардың өндірісін кеңейтпек.

Иван Шефер, «Блок» ЖШС жетекшісі, Петропавл қаласы:

-Біздің серіктестікте 76 қызметкер бар. Өтінішіміз қанағаттандырылса, тағы 7 жұмыс орны ашылады. Банкке 13 пайыздың орнына 5 процент қана өтейтін боламыз.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшелері 2 өтінішті де құптады. Бұл кәсіпкерлер алған несие үшін банктерге бюджеттен 11,4 млн теңге қаржы төленбек.

Ирина Суворова, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директоры:
– Бүгінге дейін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 163 жоба қолдау тапты. 134 жоба бойынша субсидиялау жөніндегі келісімшарттарға қол қойылды. Петропавл қаласы, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар және Мамлют аудандарында бұл жұмыс белсенді атқарылуда.

Мемлекет тарапынан субсидияланатын жобалардың 50 пайызы қайта өңдеу саласына келеді екен. Бұдан соң көлік қызметі және агроөнеркәсіп кешені.

Инеш  Шоқақова