Қоғам

Жылжымалы қызмет көрсету орталығы



 

Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін машинада барлық жағдай жасалған. Интернет желісіне қосылған ноутбук, фотоаппарат, принтер мен сканер де бар. Мобильді қызмет көрсету үшін жақында 4 машина облыс аудандарына жөнелтілмек.

Әскен Жолдасов, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы:
Бүгін біз мобильді қызмет көрсету орталықтарын қосудамыз. Бұл автокөліктер 145 елді мекенге қызмет көрсететін болады. Аудандардағы атқарушы органдармен көліктердің жүру бағыты бойынша графигі жасалатын болады. Биылғы жылы 2 мың рет жолға шығуды жоспарлап отырмыз.

Құжаттандыру, жеке куәлікті рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеуге қою, тіркеуден шығару және тағы да басқа қызмет түрлері шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындары үшін қолайлы болмақ. Әсіресе, аудан орталығына жетуге жолы қолайсыз немесе мүмкіндігі шектелген мүгедек жандар мен зейнет жасындағы адамдар үшін тиімді дейді мамандар. Қызмет түрі оның көлеміне байланысты тегін немесе ақылы түрде жүргізілетін болады.

Әскен Жолдасов, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы:
Бұрындары біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жоспар бойынша жолға шығатынбыз. Олар бізге көлік бөлсе, біз өз мамандарымызды жіберетінбіз.

Алғашқы болып мобильді қызмет түрін ең алдымен Есіл, Тайынша, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов аудандарының тұрғындары пайдаланбақ.

Әспет Әбдірешова