Құқық қорғау органдары

Тонаушы ұзап кете алмады

  

 

Қаңтардың 23-і күні сағат шамамен 21.30-да Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде тонау жасалды деген хабар ІІД жедел басқару орталығына келіп түседі. Үйдің кіреберісінде тұрған  жігіттердің бірі  43 жастағы бір әйелді тарпа бас салып, қолындағы сөмкесін тартып алған. Жәбірленушінің айтуынша, оның ішінде 5 мың теңге мен жеке заттары болыпты. Жедел басқару орталығының қызметкерлері сол маңда кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшыларына қылмыскерлердің бет-келбетін сипаттап береді. Оқиға орнына мамандандырылған күзет басқармасының жігіттері бірінші болып жетеді.

Қайрат Хаержанов, СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі:

-Сол ауданды тексеру барысында полиция қызметкерлерінен жасырынбақшы болған күдіктілер ұсталды.

Күдікті ішімдік ішіп алған екен. Оны ұстау барысында еш қиындық тумапты. Жәбірленуші сөмкесін жұлып алған күдіктіні бірден таныған. Қылмыскер қазір уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыскерді бірден тауып алуға жәбірленушінің дер кезінде 102 нөміріне хабарласқаны сеп болған.

Данаш Хамзина