Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

15:18 22 Қаңтар 2013

Өңірге жұмыс сапарымен келген  ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында  ұсынған кандидатураны депутаттар бір ауыздан қолдады. Өңіріміздің жаңа жетекшісі болып Самат Ескендірів бекітілді. Премьер-Министр 5,5 жыл бойы СҚО басқарған Серік Біләловтың еңбегіне жоғары баға берді. Оның жетекшілігімен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарды. Жаңадан тағайындалған әкім бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған. Самат Ескендіров  қызметіне ресми түрде қаңтардың 23-і кіріседі.

Жеңіс Ермұқанов