Қоғам

Қала орталығындағы көше сағаты қайта жүрді

Бұл сағат

– Қазақстан Конституциясы көшесінің әуелден бері айнымас бір бөлшегіне айналған. Тұрғындардың әбден көзі үйреніп қалған екен, істен шыққанын бірден байқапты. Жарық диодты сағат шамамен бір айға жуық тоқтап тұрса керек. Біздің арна тілшілері оның себебін сұрап, қалалық әкімдік қызметкерлерімен хабарласып еді, сағатқа тез арада қайта жан бітті.

Алма Құдабаева,  қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:

 

– Сағат электр энергиясынан ажыратылуға байланысты уақытша жұмыс істемей тұрды. Бүгінде құрылғы қайта іске қосылды. Енді, оны қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансына өткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сағаттың қайта жұмыс істеуі қала тұрғындарын қатты қуантты.

Сағаттың жұмыс істемегені мені сәл қынжылтып еді. Желтоқсан айында қатты аязды күндерде істемей қалып еді. Уақытты қайта көрсете бастағаны тамаша.
Бұл сағат бізге қажет. Біріншіден, уақыттан қалмаймыз, екіншіден, үнемі ауа температурасын біліп жүреміз.

Данаш Хамзина