Ауа райы

Кабельдік желіде отандық арналар саны көбейді

 

Қала тұрғыны Зада Серекпаеваның кабельдік жүйеге қосылғанына көп жыл болыпты. Жақсы хабар таратады. Телехикаяларды да жібермей көремін дейді.

Зада Серекпаева, қала тұрғыны:
-Барлық каналдарды көреміз. Бәрін де қараймыз. Тәрбиелік мәні бар және киноларды көрсетеді.  

Облыс орталығында орналасқан «Связь инком сервис и телекоммуникация» ЖШС-ң нарыққа шыққанына 10 жыл болыпты. 15-қаңтардан бастап тұрғындарға көрсететін қызмет тізіміне  енді тағы үш қазақстандық арна қосылған. Бүгінде бұл серіктестік кеңістігі арқылы 56 арна көрсетіледі екен.

Александр Шингуров, «Связь инком сервис и телекоммуникация» ЖШС маманы:
Алғашында 10 телеарнаның хабарын таратсақ, бүгінде олардың саны артуда. 2015 жылға дейін отандық телеарналар сандық форматта хабар таратуы тиіс. Өйткені, 9-желтоқсанда телевизияға қатысты заңға өзгерістер енгізілді. Бізде өз кабельдік жүйемізге Қазақстандық “24 кз”, “Казақ тв”, “Білім” арналары қосылды.

Телерадио хабарларын тарату туралы заңдағы өзгерістерге сәйкес кабельдік телеведение отандық арналардың хабарларын таратуға міндетті. Оған қазақстандық 14 телеарна кіріп отыр.

Гүлбану Ахметова