ТКШ

“Бірлік” серіктестігі негізінде үй құрылысы комбинаты салынады

 

 

“Бірлік” серіктестігінің өткен жылғы өндіріс көлемі 320 млн теңгені құрапты. Зауыттықтар 250-ге тарта темір-бетон бұйымдарын құяды екен. Тәжірибелері құрылыс комбинаты жобасын жүзеге асыруға әбден жеткілікті. Бұған кәсіпорын цехтарын аралаған облыс әкімі Серік Біләлов куә болды. Ендігі мақсат- өндіріс қуатын арттырып, көпқабатты тұрғын үйдің біркелкі қабырғаларының желісін шығаруды меңгеру керек. Бәсекеге қабілетті заманауи материал жасау үшін бетон қоспаларының сапасын жетілдіру де керек-ақ. Баспана мәселесі қашан да өзекті. Бүгінде бір пәтерге екі-үш адам үмітті. Өтініш берушілердің саны күн санап өсіп келеді. Өзімізде құрылыс материалдарын өндіруді жетілдіру анағұрлым тиімді екені даусыз. Тың бастама сырттан тасымалдаудың шығынын жойып, тұрғын-үй құрылысының өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы. Баспананы қалау үрдісі де 2 есе жылдам жүреді.

Игорь Киселёв, СҚО құрылыс басқармасының бастығы:
1964 жылы іске қосылған зауыт. Кезінде үй құрылысына қажетті панельдер мен бағаналар шығарған. Негізінен бетон құюға бейімделген. Алғышарттар бар. Сәл ғана заман талабына сай жетілдіру керек. Комбинат іске қосылса, көптеген әлеуметтік мәселелер шешілетін болады.

Сөйтіп, мемлекеттік бағдарлама отандық құрылыс материалдарының үлесін 2020 жылға дейін 90 пайызға ұлғайтуды көздейді.

 

 Жеңіс Ермұқанов