Бизнес және экономика

Статистика департаментінің мамандары өткен жылды қорытындылады

 

Былтыр өңіріміздің жалпы ішкі өнімі 5,2 пайызға өсіп 430,9 млрд теңгені құрапты. Оның негізгі бөлігі агроөнеркәсіп және өнеркәсіп салаларына тиесілі. Шағын және орта бизнес өкілдері де бұл кіріс өсіміне үлестерін біршама қосқан.

Ольга Перепечина, СҚО статистика департаментінің директоры:
-Арнайы көлік нысандарын шығару – 3, қосалқы бөлшектер- 1,5, метал өнімдері – 2, электр құрылғылары -1,6 есеге өскендігі байқалады. Фармацевтикалық өнімдер дәрі-дәрмек өндірісі де 3 есеге артқан. 2012 жылы табиғи жырындар, құрылыс қоспаларын, көлікке құйылатын антифриз әзірлейтін жаңа өндірістер игерілді.  

Қолға алынған 52,7 млрд. теңгенің 30 инновациялық жобасының 7-і сәтті жүзеге асыпты. Кедендік одақ елдерімен қарым-қатынас бекіген. Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі сауда айналымы 685,2 млн. долларға жетіп отыр. Бұл экспорттың -12, импорттың 39 пайызға артуына сеп болған. Құрылыс қарқыны да жаман емес. 28 млрд теңгенің нысандары қаланыпты. 100 мың шаршы метрден сәл артық тұрғын үй қолданысқа берілді.

Ольга Перепечина, СҚО статистика департаментінің директоры:
Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында өңіріміздің 8 ауданында 150 үйдің кілті тапсырылды. “Қолжетімді баспана” бағдарламасымен көпқабатты 4 үйде қоныс тойлары өтті. Жалпы баспана тұрғызуға 6,1 млрд теңге жұмсалды. Бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Жұмыссыз жүрген еңбекке жарамды жерлестеріміз 5,2 пайызға дейін азайған. Десе де 18 мыңнан артық солтүстікқазақстандық екі қолға бір күрек таба алмай әлек. Еңбекақы 12 пайызға көбейген. Өстіп орташа жалақы 67,713 теңгеге жеткен. Ең жоғарғы табысты ақпарат және байланыс, қаржыгерлер мен сақтандыру компанияларының қызметкерлері алады екен. Айлықтары шамамен 100 мың теңгені құрайды. Кіріспен қатар жерлестеріміздің шығыны да артып келеді.

Ольга Перепечина, СҚО статистика департаментінің директоры:
Азықтүліктің құны 5,6 пайызға өсті. Түрлі қызмет төлемінің жалпы бағасы 9,4 пайызға артты. Кәріздік қызмет екі есеге, суық судың өтемі 58 , жарық 10 , байланыс 12 пайызға артты.  

Облыста демографилық жағдай тұрақты. 4,5 мыңға жуық жас отбасы құрылған. Туу 1,3 пайызға өссе, өлім-жітім 3,5 пайызға кеміген.

Жеңіс Ермұқанов