Балалар

Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу

Шәкірттің сапалы білімі мен саналы тәрбиесі алдымен тәлім берушінің біліктілігіне тікелей қатысты. Соңғы жолдауында мемлекет басшысы осыған басымдық берді. СҚМУ оқытушылар қауымы және студенттерімен жүздескен Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов маңызды жайтқа тоқталып өтті.

Оқу заман талабына сай. Дәріс оқитын 1400 -дей оқытушының 200-нің ғылыми атағы бар. Қазір мұнда білім қуған абитуриент 8 факультетте 43 мамандықтың ішінен өзіне қажеттісін таңдай алады. Біліктілігін аталмыш ЖОО толықтырып жүрген ұстаздар да жоқ емес.

Өмірзақ Жолмұқанов, Жамбыл аудандық Айымжан орта мектебінің мұғалімі:

 Абай Тасболатов, ҚР. Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Тәрбиенің жолы біріншіден педагогтардың өзі. Мұғалім жетекшінің өзі үлгі өнеге болу керек жастарға. Елбасының жоспарларын олар біле ме екен. Жаңа технологияны ескеріп оны қалай үйретіп жатыр.  

Бұны 75 жылдық тарихы бар СҚМУ ұжымы ескеріп келеді. Бүгінге дейін 40 мыңға тарта жоғары білікті маман даярлапты.

– Елбасы айтты ғой білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздар біліктілігін арттырып отыру керек деп. Қазір мен сырттай АӘД бойынша оқып жатырмын. Ертең бар білгенімді оқушыларыма үйретемін. Елге пайдасын тигізсін деп.

Туған топырақтан нәр алған, ел игілігіне жарар азамат қандай болуы керек. Бүгінде елжандылық қасиет санасына кіріп те шықпайтын ұрпақ бар дейді халық қалаулысы. Кейінгі толқын кіндік қаны тамған туған жерінің тарихын біліп, өткенді қастерлеуді үйренуі тиіс. Сондықтан өзінің жетекшілігімен басылып шыққан ” СҚО :есімдері ел есінде” атты кітапты оқу ордасының кітапханасына тарту етті.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– 24 батыр, 4 шешен, 7 би, 56 Кеңес Одағының батыры, 66 Социалистік еңбек ері  – соның бәрі осы кітапта жазылған. Әрине жастар үшін. Кең-байтақ елді қалай тұтас сақтап қалды. Тарихты оқысақ, ұлттық патриоттық сезіміміз мықты болады.  

Парламент Мәжілісінің депутаты жастарды жолдау жүктеген міндетті бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Жеңіс Ермұқанов