Қоғам

Крещение мейрамына дайындық

 

Есіл өзеніндегі қалалық жағажай қардан аршылуда. Өзенде    ойықтар ойылып жатыр. Кейін су алатын 7 және шомылатын 3 құдықтың қабырғаларына мұз құйылып қаланады. Крещение мейрамында дәстүрге сай өзен суы аластатылады. 2 мың жылдық тарихы бар діни мейрамда суға түскен пайдалы деген сенім бар. Адам күналардан арылып, дерттен айығады.

 протоиерей Сергий:
Ерекше қасиетке бөленген барлық су көздері иордан деп аталады. Себебі Иса пайғамбар ең алғаш Иордан өзеніне түсіп шоқынды. Сондықтан қасиетті суға сүңгіп, жанын тазартамын дегендер зиянды заттардан, арам ойлардан арылып келуі керек. Алкаголь өнімдерін ішіп алғандарға, денсаулығы нашар тұрғындарға суға түсуге тыйым салынады. Әйел адамдарға құдық үстінен шатыр құрылады.

Санитар мамандар судың үлгілерін алады. Эпедемиологтар жыл сайынғы сараптама өзеннің түрлі қоздырғыштармен ластанбағанын көрсететінін айтады. Дәл 19 қаңтарда оны ішу ағзаға зиян келтірмейді екен. Мұнда жиналғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шаралары да ұмытылған жоқ. Құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері Есіл бойын күшейтілген режимде күзететін болады.

Қайрат Сәбитов, СҚО ТЖМ суда құтқару қызметі станциясының сүңгуіршісі:
. 19 қаңтардағы мерекеге 100 пайыз дайынбыз. Толық құраммен кезекшілікке шығамыз. 3 техника бөлінді. Қыс уақытында төтенше жағдай орын алған жоқ. Мереке күні де тыныш өтеді деп ойлаймыз.  

Мереке жексенбіге сәйкес келетінін ескерсек, мұз үстіне   халық көптеп жиналады. Ал оның қалыңдығы   30 сантиметрден аспайды. Үлкен салмақ түссе, мұздың морт сынып кетуі ғажап емес. Сондықтан құтқарушылар діндарларды сақ болуға шақырады.

Жеңіс Ермұқанов