Аптадағы маңызды жаңалықтар

Техникалық мамандар даярлау – уақыт талабы



 

 

Оқу үрдісінің ең басты бөлігі – тәжірибе. Сондықтан Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері өздерінің теориялық білімдерін әрдайым тәжірибе жүзінде шыңдайды. Игорь Некрасов – автомеханик мамандығының 2-курс студенті. Қажетті бөлшектерді әзірлей білудің алдағы уақытта қажет болары сөзсіз дейді ол.

Игорь Некрасов, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:
Біз станоктарда қажетті бөлшектердің өлшемін енгіземіз. Ол дәлме-дәл кеседі. Өз қолыммен болттарды және өзге де заттарды жасау өте ұнайды.

Мұнымен қоса, станоктар да жаңа. Олардың көмегімен қажет бөлшектерді жасау тәсілі жеңілдеген. 9 станоктың жалпы құны – 25 млн теңге. Студенттерді бұл құрылғыда жұмыс істеуге арнайы маман үйретеді.

Владимир Савинкин
, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері:
Қазір барлық кәсіпорындарда жаңа құрылғылар мен технологиялар қолданылады. Сондықтан студенттер зауыттарға келгенде станоктармен таныс болулары тиіс. Жаңа құрылғылар уақытты үнемдейді, бөлшекті дәл және тез жасауға мүмкіндік береді.

Бір сөзбен, оқу ордасында білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Техникалық мамандықтарды оқытуда тың технологиялар қолданылып, тілдің үштұғырлығы сақталуда.

Ақбөпе Жүсіпова, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы:
Студенттердің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасаймыз. Орыс және ағылшын тілдеріне де көңіл бөлінеді. Талай байқаулар ұйымдастырамыз.

Қазіргі таңда колледжде 12 мамандық бойынша 1018 студент білім алуда.

Инеш Шоқақова