ТЖ

Заводтағы өрт

 

Кәсіпорында тілсіз жаудың орын алғаны жайлы ақпар 101 қызметінің кезекші бөліміне таңғы сағат 8 ден 14 минут кеткенде түскен. Суыт хабар бойынша 3-нөмірлі өрт сөндірушілер көтерілді. Нысанның стратегиялық маңыздылығы ескеріле отыра оқиға орнына 10 арнайы көлік жұмылдырылған. Себебі жұмысшылар қарасы қалың.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

Өрт әкімшілік ғимараттың үшінші қабатындағы бөлмелердің бірінде шыққан. Тілсіз жау 11.05-те толығымен ауыздықталды. Қазір төтенше жағдайдың орын алу себептері мен материалдық шығын мөлшері анықталу үстінде.

Аталмыш кәсіпорында өткен жылы да өрт оқиғасы орын алған. Ауқымды  болмағанымен, ол зауыттың ескі мұрағаты қызыл жалынға ораныпты.101 қызметінің мамандары қандай жағдай болмасын, қауіпсіздік шараларын естен шығармаған жөн дейді.

Самат Есмағи