Қоғам

Ардагердің мерейтойы

Сұлтан Мұхамеджанов бүгін 90 жасқа толып отыр. Ардагер Ұлы Отан соғысына қатысып, 4 жыл бойы туған жер үшін шайқасқан. 4 мәрте жарақаттаныпты. Сұрапыл соғыстың қиыншылықтарын басынан өткерген ақсақал енді мұндай жағдай қайталанбаса екен дейді

Сұлтан Мұхамеджанов, ҰОС қатысушы:
-Жастарға айтатыным соғыс көрмесін! Дендері сау болсын, халыққа еңбек етсін, өз халқын, үкіметін қадірлей білсін!

Сұлтан Мұхамеджановты құттықтау үшін өңірдің салықшылары да келген екен. Ардагер бұл салада 40 жыл қызмет етіпті. Бұл жұмысын салық инспекторы қызметінен бастаған. Зейнетке шықса да қария қол қусырып отырған емес, Петропавл қаласының қоғамдық өміріне  белсенді араласып тұрады. Бүгінде Сұлтан Мұхамеджанов салық қызметінің жас мамандары үшін үлгі тұтар жандардың бірі.

Бекежан Жұланов, Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы:
-Жас ұрпақ атынан Сұлтан Мұхамеджановты шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз үшін, мемлекетіміз үшін еңбек сіңірген ардагерлерімізге көп рахмет! Ең бастысы денсаулық тілейміз.

Қонақтардың арасында мерейтой иесінің туыстары да бар. Сұлтан Мұхамеджанов олар үшін сүйікті әке, құрметті ата ғана емес, сондай-ақ өмірлік ұстаз.

Тұрсынбай Бимаханов, күйеу баласы:
-Еш уақытта қарсы келген емеспін. Бір-бірімізді сыйлаймыз.

Сұлтан Мұхамеджановтың омырауындағы орден-медальдар ардагердің ерлік жолының белгісі. .

Айдана Демесінова