Құқық қорғау органдары

Жолдос туралы мультфильм балаларға ұнады



 

Мультфильмдегі басты кейіпкердің есімі Жолдос. Ол – супербатыр. Жолдос балаларды әр түрлі қауіпті жағдайдан құтқарып, алдағы уақытта аяқтарын байқап басуды ескертеді. Яғни, жолды белгіленбеген жерден кеспеу, тротуарда дұрыс жүру, көлік жүргізушісіне кедергі келтірмеу, бағдаршам көмегімен бағдарлау сияқты ақыл-кеңестерін айтады. Жол сақшыларының ойынша, осындай қарапайым және қызықты түрде құрастырылған оқу анимациялық фильмі кішкентай жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін есте жақсы сақтауына көмектеседі. Әйтпесе, балалардың қатысуымен болатын апаттар жиілеген көрінеді.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:

Әрине, мұндай шаралар өте қажет. Бастауыш сынып оқушылары жолда жүру ережелерін білуі тиіс. Бұны жол полициясы комитеті арнайы әзірлеген.

Мультфильм 3 бөлімнен тұрады. Әрбір 10 минутының тақырыбы бар. “Жолаушы болу оңай емес”, “Велосипедтің рөлінде сен жүргізушісің, ал роликте – жаяу жүргіншісің” және “Жүргізушінің қасында қырағы бол” деп аталады. Негізі, мультфильм балаларға ұнады.

Ділнәз Есентемірова:

-Мультфильм қызықты. Әсіресе, Жолдос қатты ұнады. Өте ақылды екен. Мен де Жолдос сияқты жолда дұрыс жүертін боламын.

Зарема Біржанова:

-Мен, мысалы, жолда жан-жағыма қарап жүремін. Көшені өтерде бағдаршамға міндетті түрде қараймын.

“Жолдос көмекке асығады” фильмі аудандарға да жол тартады.

Данаш Хамзина