Спорт

Жас конькишілер жарысы

 

Өңірлік жарысқа 13 команда жиналды. Баптары мен бақтарын сынаушылардың қатарында Айыртау ауданының спортшылары да бар. Данияр Құрманбаев облыстық спартакиадаға алғаш рет қатысып отыр. Тәжірибесі мол, себебі коньки тебумен шұғылданып жүргеніне 4 жылдың болыпты.

Данияр Құрманбаев, жарысқа қатысушы, Айыртау ауданы:
– Конькиден қатысуға бірінші рет келдім. Енді бірінші орынға күресемін. Маған спорттың бұл түрі ұнайды. Бұдан басқа футбол, волейболмен айналысамын.  

Тартысты додаға  жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөлінген 150 спортшы қатысуда. Жарыс жолына шыққандар 500-1000 метрлік қашықтықты бағындыруы тиіс. Мәре сызығын алғаш болып кесуден үмітті спортшылардың қатары қалың.

Тұрлыбек Қалижанов, аймақтық дене шынықтыру және спорт орталығының бас инспекторы:
Аталған  шара «Ақшақар» бағдарламасына сәйкес конькиден облыстық жарыс. Ауданнан 12 және қаладан 1 команда қатысып отыр.  

Коньки тебуден облыстық жарыс 2 күнге жалғаспақ. Тартысты додада жеңімпаз атанғандар республика көлемінде өңір намысын қорғайды. Байрақты дода Астана қаласында ақпан айында өтеді деп жоспарланған.

Гүлбану Ахметова