Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Алтын сапа” байқауына қатысқан өңір кәсіпкерлері марапатталды

Елбасының “Алтын сапа” сыйлығына байқау 2006 жылдан бері өткізіліп келеді екен. Осы уақыттың ішінде бұл марапат жоғары сапа мен биік сенімнің нақты көрсеткішіне айналды деп атап өтті Серік Біләлов өз сөзінде. 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Бұл байқауға қатысу – кәсіпкерлік үшін экономикалық жағынан өте тиімді. Ел біледі, жұрт таниды. Конкурс – жаңа іскерлік әріптестікке жол ашады.

Биыл “Алтын сапа” байқауына өңірден 10 кәсіпкерлік нысан  қатысқан екен. Серік Біләлов олардың барлығына ҚР Президенті әкімшілігі басшысының алғыс хатын табыс етті. Еңбегі еленгендердің арасында Бескөл селосындағы “Тортуманов и К” ЖШС бас директоры Вячеслав Адамов та бар.

Вячеслав Адамов, “Тортуманов и К” ЖШС бас директоры:

– Біз “Алтын сапа” байқауына бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Нарықта 15 жыл бойы ет консервілерін шығарып келеміз. Алып отырған марапат – біз үшін аса құрметті. Бұл – тұтас ұжымның еңбегі.

Кәсіпкерлер биыл алғыс хатпен ғана шектеліп қалмай, алдағы уақытта “Алтын сапаның” өзін алуға ұмтылатындарын жеткізді.

Данаш Хамзина