Қылмыс

Браконьерлер марал атып алған

 

Смирнов мемлекеттік қорығын тәртіп сақшылары күнделікті бақылап отырады. Шаңғымен жүрген қарулы топты орманшы Николай Гусельников тәртіп сақшыларымен бірлескен рейд кезінде байқаған. Күдіктілерді тексеру барысында олардың жабайы маралды атып алғаны белгілі болды.

 Нұрлан Қуанов, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы:
– Күдіктілерден жабайы марал еті, үш шаңғы мен екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Марал қызыл кітапқа енгізілген, қатары сиреп бара жатқан дала жануары. Оны атуға тыйым салынғанын браконьерлер жақсы біледі. Ұсталғандардың үшеуі Қызылжар ауданына қарасты Новоникольск ауылының тұрғындары. Араларында Аққайың ауданы мен Петропавл қаласының жігіттері бар болып шықты.

 Нұрлан Қуанов, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы:
– Тергеу барысында олар өздерінің қоян аулауға шыққандарын айтты. Алайда алдынан шыға келген маралды байқаусызда атып алғанын мойындап отыр.

Қазіргі кезде «заңсыз аң аулау» фактісіне байланысты аңшыларды жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда.

Әспет Әбдірешова