Білім

2025 жылға дейін халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс

2012 жылы 12 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қазақ тілін меңгеру курстарына қатысыпты. «Қазтест» жүйесі бойынша 2 236 тыңдаушы сынақ тапсырып, 217 адам сертификат алған. Бұл мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Нұрлан Жамантаев, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары:
– 2011-2012 жылдары 32 тыңдаушы ілеспе аударма курстарынан өтті. Мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі – 97 , ал кіріс құжаттары 76 пайызға жетті.

Сондай-ақ облыс және аудан орталықтары көшелеріндегі көрнекі ақпараттардың заңға сәйкес ресімделуі тексерілген. Өткен жылы жарнама агенттіктерінің 321 эскиздік жобасы бекітіліпті. Осының арқасында сорақы қателіктер кеміген.

– Елбасы өзінің жолдауында 2025 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгергендердің деңгейі 95 пайызға жетуі тиіс деген болатын. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазір өңір халқының 42 пайызы қазақ тілін біледі.

Осы мақсатта түрлі шаралар мен байқаулар өткізу де басты назарда.

Инеш Шоқақова