Энергетика

Қаңтардың бірінен бастап республика бойынша электр энергиясының тарифі өзгерді

Жаңа тариф бойынша жеке тұлғалар енді 93 тиынға артық төлемек. Бұған дейін электр энергиясының 1 кВТ – ы 9, 45 теңге болды. Ендігі тариф қосымша құн салығын қосқанда 10,38 теңгеге жетіп отыр. Мамандар мұның себептерін былай деп түсіндіреді:

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департаментінің директоры:
– 2009 жылы Үкіметтің қаулысы шыққан болатын. ТЭЦ тарифі де өсті. 15 пайызға. Тасымалдаушы мекеменің тарифі де өзгеріп отыр.

«Бұған қарамастан солтүстікқазақстандықтар электр энергиясы үшін ең аз төлейтіндер қатарында»,- дейді мамандар. Сараланған тарифтер де сақталмақ. Оған сәйкес тұрғындар пайдаланған электр энергиясының көлемі ескеріледі.

– Дифференциалды тарифтер 2 жылдан бері қолданылады. Жалғыз тұратын адамдардың да өтініштерін ескердік. Сол көрсеткіш биыл да қалады.

Алайда әлі де «Көкшетауэнерго» ЖШС қызмет ететін аудандардағы тариф белгіленбей отыр. Бұл 5 аудан үшін нақты сома қаңтардың 13-не қарай бекітіледі деп жоспарлануда.

 Инеш Шоқақова