Бизнес және экономика

«Дипломмен – ауылға»

 

Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін жас мамандардың алдынан жұмысқа тұру мәселесі кесе көлденең шығатыны жасырын емес. 2011 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді тәмәмдаған Ксения Ушакова да осындай қиындыққа жолыққан. Бұл жерде жас маманға «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы көмекке келген. Бүгінде ол Мамлют ауданының Леденево орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнін оқыту мүмкіндігіне ие болды.

Ксения Ушакова, Леденево орта мектебінің мұғалімі, Мамлют ауданы:
-Бағдарламаның арқасында бізге көтерме ақы төледі. Осында істеген бір жылыма еш өкінбеймін. Мектеп ұжымы өте ұйымшыл,
«Дипломмен –ауылға» бағдарламасы бойыншы келген жас мамандар да жетерлік.

Бүгінде мектепте барлығы 24 мұғалім қызмет етеді. Жоғары білімді ұстаздардың алдынан биыл 76 оқушы білім алып шықпақ.

Маржан Серікбаева, Леденово орта мектебінің директоры:
– Мектепте жалпы 24 мұғалім бар. Олардың 9-ы «Дипломмен
ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Соның ішінде биылғы жылы 2 жас маман келіп отыр. Жас мамандар үшін барлық жағдайлар жасалуда.

Жас мамандардың әрқайсысына мектепте тәжірибесі қалыптасқан білікті ұстаздар ақыл-кеңестерін беріп отырады. Жалпы Мамлют ауданында өткен жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 38 жас маман көтерме ақыға ие болған. Олардың 33-і білім саласында еңбектенсе, 5-уі денсаулық сақтау саласының мамандары.

Әспет Әбдірешова