Қылмыс

Екі тонаушы ұсталды



 

Облыс орталығының 30 жастағы тұрғынына шамамен түнгі сағат 11 кезінде екі белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Олар жәбірленушіні соққының астына алып, бас киімі мен қымбат ұялы телефонын тартып әкетеді. Жапа шеккен адам бірден полицияға арызданып, жедел іздестіру шаралары қолға алынған. Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы түскен мәлімет бойынша, күдіктілерді бейнебақылау камерасы арқылы анықтап, жақын маңдағы автопатрульге хабар береді.

Ольга Калинина, СҚО ІІД ЖБО бейнебақылау инспекторы:

-Жібәрленушінің бізге берген мәліметі бойынша күдіктілерді бейнекамералардың көмегімен іздестіруге кірістік. Нәтижесінде екі сезікті Жамбыл және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында ұсталды.

Олар Гуманитарлық – техникалық және Теміржол колледждерінің 19 -20 жастағы студенттері болып шықты. Пәтер жалдап тұратын екеуі  бұл кеште дәмханалардың бірінде көңіл көтерген, кейіннен өздерінің қаржы шығындарының орнын толтыру мақсатында қарақшылық шабуыл жасапты. Қазір қолға түскендердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 178-бабы бойынша іс қозғалып, күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қол хатпен босатылды.

Самат Есмағи