ТЖ

Петропавлда 1 адам өртте қаза тапты

 

 

Шағын үй толықтай отқа ораныпты. Бұған қоса жалын аумағы 20 шаршы метр қабырғаны шарпыған. Адам шығыны да бар. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 5 минуттан соң 1 адамның мүрдесін тауыпты.

Руслан Сәдуақасов, Петропавл қаласының мамандандырылған жасағы 4-ӨСБ қарауылының бастығы:
«01» нөміріне таңғы сағат 08: 54 минут кеткенде қоңырау түсті. Оқиға орнына өрт сөндіруші бригада, жедел және тергеу топтары жетті. Барлығы 10-нан астам адамның күші жұмылдырылды. Өрттің себебі мен шығын мөлшері анықталуда.

Ал себеп – жұмысшының қауіпсіздік ережелерін сақтамай, темекіні сөндірмегендігі болуы мүмкін. Өйткені үй иесі шаруасына қолқабыс етіп жүрген 30 жасар қызметшінің  мұндай әдеті болған дейді.

Ринат Марзагулов, үй иесі:
Павел бізде 4 жыл бойы жұмыс істеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығын талай рет аңғардық. Ескерттік те.

Барлығы мереке күндері облыста 8 өрт оқиғасы орын алыпты. Ал 9-шысы адам өмірін қиып отыр.

Инеш Шоқақова